Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 18 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Ресей үкіметінің басшылары Алматыда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екіжақты кездесуде Асқар Мамин мен Михаил Мишустин сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Премьер-министрлер коронавирустың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударды. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Елдер арасындағы екіжақты тауар айналымы өткен жылы 18 млрд доллардан асты.