426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ЕҮК кезекті отырысы өтіп жатыр. LIVE

  • 141
  • UPD: 14:06, 05.02.2021

Дәл қазір Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Басқосуға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстанның үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысуда. Үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібі қандай?

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Алқалы жиынға үкімет басшыларынан бөлек Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаушы мемлекеттері Молдова, Өзбекстан және Куба елдерінің өкілдері қатысып жатыр. Үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген форматта өтеді. Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың дамуына жол бермейтін кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері қаралады. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық комиссия мен ТМД атқарушы комитеті арасындағы байланысты бұдан әрі нығайтуға арналған жұмыс жоспары да бекітіледі. 

Айта кетейік, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысушылар бүгін «Digital Almaty 2021» атты халықаралық форумына қатысқан болатын. Дәстүрлі пікірталас алаңында экономикалық одақ аясында цифрлық жүйеге өтудің өзекті мәселелері талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы