2020 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 2,7 процентке артық орындалған

Пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан былтыр мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,7 процентке артық орындалған.

Республикалық бюджет түсімі азайғанымен жергілікті бюджеттерге кіріс жоспардағыдай болыпты. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Ал негізгі кедендік төлемдер бойынша түсімдер төмендеген.

Министрдің айтуынша, сыртқы және ішкі экономикалық ахуалға тікелей байланысты. Мұнай және металл бағасының арзандауы салдарынан тау-кен өнеркәсібінен түсім 43 процентке, ғылым және техникалық сектордан 29 процентке азайған. Қалған секторлар бойынша 10,3 процентке дейін өсім бар.