Биткойн бағасы шарықтады

Биткойн криптовалютасының құны рекордтық деңгейден асты. Орташа курс 47 500 доллардан асқан. Өсім бірнеше мәрте байқалды. Бағаның өсуіне Илон Масктың инвестиция құюы себеп болған. Сөйтіп, баға 44,5 мың долларға жеткен еді. Өзге де инвесторлардың қызығушылығы Binance ірі криптобиржасының жұмысына кедергі келтірді.

Лондон биржасында Брент маркалы мұнай баррелі 60 доллардан асып кетті. WTI-дың құны 58 долларға жақындаған. Бағаның құбылуына таяуда күшіне енген ОПЕК келісімі әсер еткен. Оған сай өндірісті тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін азайту көзделген. Оның миллион баррелі Сауд Аравиясына тиесілі. Мамандар нарықта ең алғашқы болып АҚШ қалыпқа келеді дейді.2050 жылы Брент мұнайы 173 долларға жетеді. Дегенмен, 48 доллар жайында да сөз болған.

Пандемия бағалы тастарға деген сұранысты азайтты. Мысалы былтыр әлемдегі алмаз бен гауһардың сатылымы 15 процентке төмендеді. Бұған халықтың табысы төмендеп, туристердің жолы бөгелуі себеп.

The Global Diamond Industry хабарлағандай, тек интернет сауданың арқасында жағдай ушықпады. Мамандар жыл басында алмаз өнімдеріне деген сұраныстың қайта қалпына келіп жатқанын хабарлады. Себебі тұтынушылар үшін бұл нарық әлі де қызықты. Әсіресе жаңа жыл алдында АҚШ пен Қытайдағы сұраныс 5-10% және 15-20 процентке дейін өскен. Бірақ өңделмеген алмазды іздейтіндер аз. Сөйтіп, былтырғы өндіріс 111 млн каратқа дейін төмендеген. Саладағы ең күшті көрсеткіш осыдан 4 жыл бұрын тіркеліпті. Ол кезде 152  млн карат алмаз өндірілді. Өткен жылы Канада, Ресей, Австралия және Ботсвандағы өндіріс көлемі айтарлықтай азайды. Дегенмен, үміт үзілмейді. Себебі қаңтарда ғана 8 процентке көбірек өнім өндірілген. Әсіресе Қытайдағы нарықтың аяқалысы күшті. Ал дамыған елдердегі көрсеткіш тек 2023 жылы ғана қалпына келеді.

Сондай-ақ...