417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Египет сауда және инвестициялық қарым-қатынасты күшейтеді

  • 124
  • UPD: 15:17, 10.02.2021
Қазақстан мен Египет сауда және инвестициялық қарым-қатынасты күшейтеді

Бұл туралы Каирде еліміздің 13 аймағынан 60-тан асқан компания қатысқан бизнес форумда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртқы істер министрі Алмас Айдаров бастап барған еліміздің делегациясы Мысыр бизнес қауымдастығымен кездесті. Іс-шара барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру қарастырылды. Отандық кәсіпкерлер Египетке ыдысқа құйылған су жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын ашуға уағдаласты. Екі елдің бір бірінен алыс жатқанына қарамастан серіктестік екі ел арасындағы сауда айналымды 4 есеге ұлғайтпақ. Және Мысыр қазақстандық өндірушілер үшін Африка нарығына жол ашады дейді делегация өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы