Оралда кинотеатрлар жұмысын бастады

Батыс Қазақстан облысында кинотеатрлар қайта жұмысын бастады.

Бұл кәсіпкерлік нысандары қаңтарда 2 апта ғана ашылып, кейін қайта жабылған еді. Өңір коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары аймақта» тұр. Осы аптада карантин талаптары жеңілдетілді. Орал мен Ақсай қалаларында кинотеатрлар санитария қағидаларын сақтай отырып, қызмет көрсетуге кірісті.

Аружан Нығметова, кинотеатр әкімгері:

- Бірінші күннен бастап көрермендер өте көп. Сұраныс жақсы. Бәрі маскалық режиммен. Тек қана 20 процент залдың толуына байланысты көп көрермен кіре алмайды.

Сондай-ақ...