ЕЭК сарапшысы: Инвестициялық тартымдылық керек

Қазіргі жағдайға байланысты әлемдік экономика құбылмалы болғандықтан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер шағын және орта кәсіпкерліктің инвестициялық тартымдылығын арттыру керек.

Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия сарапшысы Сергей Ткачук айтты. Одақтас елдер арасындағы макроэкономика мен интеграция туралы сөз қозғаған маманның сөзіне сүйенсек, «Стратегия-2025» жоспарының маңыздылығы жаһандық сын уақытында өзекті. Денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларын бірлесе жаңғырту қажет дейді Сергей Ткачук.

Сергей Ткачук, Еуразиялық экономикалық комиссиясының сарапшысы:

– Бағаны тұрақтандыру, бәріне ортақ инвестициялық кеңістікті қалыптастыру, цифрлық валюта енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, сыртқы қаржыландыру көздеріне деген тәуелділіктен арылу, үшінші елдердің санкция салу сынды шараларына өзара кеңесе отырып қарымта жауап қайтару. Мұның бәрі одақтағы экономикалық дағдарыс салдарын азайтуы бек мүмкін.