Қазақстан экономикасына арналған қосымша жоспар әзірленді

«Б жоспары». Қазақстан экономикасына арналған қосымша жоспар әзірленді. Ол коронавирус пандемиясы ұзаққа созылған жағдайда іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады.

2019 жылы еліміздегі шағын және орта бизнес үлесі 31 проценттен асқан. Ал 2020 жылдың қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бірақ бұл көрсеткіш 28,5 процент болады деген болжам бар. Коронавирус пандемиясы туризм, бизнес және басқа да экономикалық маңызды салаларға соққы болды.

Сондықтан «Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігі әлеуметтік экономикалық ахуал нашарлаған жағдайға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол халық пен бизнеске қажетті қолдау көрсетіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді» деді ведомство басшысы. Қосымша жоспардың іске қосылуы коронавирустың таралуы жиілігі мен мұнай бағасының жоғары құбылмалылығына байланысты.