Елімізде 130 мың жұмыссыз адам қайта даярлықтан өтеді

Алдағы бес жылда жұмыссыз жүрген 130 мың адам еңбек нарығына қажетті мамандықтарға онлайн форматта оқиды.

Биылдың өзінде 5 мың адамға тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Жалпы жұмыспен қамту бағдарламаларына жыл сайын 700 мың адам қатысады деп жоспарланған. IT саласында шамамен 100 мың, туризм саласында 170 мың жаңа жұмыс орыны ашылып, ауылшаруашылығы кешенінде 500 мың адам жұмыспен қамтылады. Қазір жұмыссыздық деңгейі 4,7 процентті құрайды. Бұл туралы Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылау кезінде Үкімет басшысы айтты.