419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Brent мұнайының баррелі 63 доллардан сатылып жатыр

  • 95
  • UPD: 11:20, 15.02.2021
Brent мұнайының баррелі 63 доллардан сатылып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63 доллардан жоғары болды. Соңғы рет мұндай баға өткен жылдың қаңтар айында тіркелген.

Reuters хабарлауынша, шикізат нарығындағы оң динамика коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың басталуымен байланысты. Сонымен қатар ОПЕК+ елдері арасында мұнай өндірісіне қатысты шектеулер туралы ақпарат та бағаға әсер етті.

Хабар 24 телеарнасы