«Қарапайым заттар экономикасы»: кәсіпкерлер жеңілдікпен несие алып жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы»: кәсіпкерлер жеңілдікпен несие алып жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 552 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпан айындағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өтініштердің жалпы сомасы – 1,1 трлн теңге. Банктер 889 өтінішті мақұлдап, 700 млрд теңге несие беретін болды. Қазірдің өзінде 500 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Жалпы жеңілдікпен кретиттеу бағдарламалары бойынша кәсіпкерлерден 3 мың 632 өтініш түскен.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлердің басым бөлігі бұрын алған қарызын жабу үшін несие сұраған екен.