Өскеменде сауда орындары мерзімі өткен азық-түлік сатқан

Шығыста  өткен жылы саудаға түскен кейбір азық-түлік өнімдері мүлде санитарлық талапқа сай болмай шықты. Ұлттық сараптама орталығы мамандары 1110 түрлі тамақ өніміне  зертханалық  сараптама жүргізген. Нәтижесінде осы тағамдардан алынған сынаманың 20 проценті  техникалық регламентке сәйкес келмейтіні  дәлелденді.

Азық-түлік өнімдерінің көбінде тауарды таңбалау бойынша кемшіліктер анықталды. Яғни өнімдердің дайындалған күні, жарамдық мерзімі мен сақтау шарттары  өндірушісі  дұрыс көрсетілмеген. Зертханалық сараптамадан соң сапасы күмәнді тауарлар сөреден алынған. Эпидемиолог мамандар бұл негізінен   ұннан жасалған және құрамында майлы қоспа бар азық-түлік пен сүт өнімдеріне қатысты екенін айтады.

Қанат Тұрдиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының  м. а.:

- Енді осы жасалынып жатқан бұзушылықтарды тоқтау үшін шара қолдану үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның барысында айналымнан, сатудан 46 келі өнім талаптарға сай келмейтін алыднды. Бұл 250 мың теңгеге жуық соманың тауары.