Қызылорда облысы он жеті елге 11 өнім түрін экспорттады

Қызылорда облысында шетелге қамысты экспорттау басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғаш рет Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілген. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 процентке өскен. Яғни өңірде пандемияға қарамастан экспорт көлемі төмендемеген. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдыңдағы алғашқы есебінде айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

– Біз әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспорттадық. Өткен жылы күрішшілеріміз гектарына 61,8 центнерден өнім алып, 550 мың тоннадан астам күріш жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең кезеңімен 29 млрд теңге бағытталатын болады.