Moody's еліміздің қаржылық әлеуетін оң бағалады

Әлемге әйгілі Moody's агенттігі Қазақстанның қаржылық әлеуетін оң бағалады. Сарапшылар саладағы тұрақтылыққа сенім білдірді.

Экономист Мақсат Халықтың пікірінше, бұл өте маңызды баға. Шынында да елімізде коронадағдарысқа қарсы шараларға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Оның сөзінше, ЖІӨ-нің 9 процентке жуығы осыған бағытталған. Рейтинг нәтижесі мемлекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін арттырады. Өйткені қандай да бір шетелдік инвестор шешім қабылдаған кезде осы мәлімдемелерге жүгінеді. Елдегі сенімділік көрсеткіштері пандемияға дейінгіден өзгере қоймаған.

Мақсат Халық, экономист:

- S&P, FR және Moody's. Осы рейтингтік агенттіктердің беріп отырған бағаларына сәйкес көптеген әлемдегі инвесторлар өздерінің шешімдерін жасайды. Сондықтан да бұл рейтингтің болуы ол маңызды.