419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда «Халықтық IPO» бағдарламасы қайта іске қосылуы мүмкін

  • 67
  • UPD: 10:15, 19.02.2021

Егер жоспар жүзеге асса, отандастарымызға ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, түскен табысынан үлес алуып отыруына мүмкіндік туады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрине жұртты пандемия кезінде тақырға отырып қалмай керісінше, табысын арттырған компаниялардың акциялары қызықтыратыны анық.

«Халықтық IPO» бағдарламасына тек қана Қазақстан азаматтары қатысады. Олар елдегі ең ірі ұлттық компанияалардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор атанады. Қаржыгерлер қауымдастығының директоры Ерлан Бурабаевтың айтуынша, бұл қарапайым халықтың аз болса да тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрғындардың қаржылық сауатын арттырып, нарықтағы белсенділігін күшейтеді. Сарапшының сөзінше, отандық қор нарығында пайда табу үшін құнды қағаздарға  500 мың теңгеден астам қаржы салған дұрыс. Ал халықаралық IPO-ға қатысу үшін 2 миллиондай қажет.  Десе де сарапшылардың кейбірі «Халықтық IPO-ға» қарапайым халық әлеуметтік жағынан дайын емес дейді. Өйткені салған ақшадан пайда табу үшін бір-екі емес мыңдаған құнды қағаз сатып алуға тура келеді. Ол үшін қыруар қаржы керек. Яғни қалталы азаматтар болмаса жұрттың көбінде  мұндай бизнес жасауға мүмкіндігі жоқ. Қазір көптеген қазақстандықтың айлығы шәйлығынан аспайды. Артылғанын баспана, мен өзге де қажеттіліктерге жинайды. Ал  «IPO» ірі бизнесмендердің ісі деп санайды.

Депозиттегі жинақ 30% артты

Кейінгі бес жылда қазақстандықтардың депозиттегі жинағы 30 процентке өсті. Бірінші қаңтардағы есеп бойынша, жинақтағы қаржының жалпы сомасы 13,4 триллион теңге. Оның 3 тирллионнан астамы жеке тұлғалардың, 4,2 триллионы заңды тұлғалардың үлесінде. Бұл шетелдік салымшыларды қоспағандағы сома. Ұлттық банктің есебінше 2016 жылы депозиттегі жалпы сома 10,3 триллион теңге болған еді. Кеәнгі жылдары ақшасын теңгемен сақтайтындардың саны 3 жарым есе көбейген. Ал шет ел валютасында сақтайтындар 33,3 процентке кеміді. Өңірлер бойынша айтсақ, депозитте қаржы жинайтындардың басым бөлігі алматылықтар. Салымшылар банктерде 5 жарым триллион теңге сақтап отыр. Одан кейін елордалықтар. 2,8 триллион теңге. Үштікке Қарағанды облысы кіреді. Жамбыл, Қызылорда және Түркістан тұрғындары депозитте аз жинайды екен.

Дизель арзандады

Елде дизель арзандады. Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда республикада бір литр дизельдің орташа құны 184 теңге. Былтырғы қаңтармен салыстырғанда 5 процентке арзан. Аязда қатпайтын дизельдің құны 10 процентке төмендеді. Оның литрі 248 теңге шамасында. Өңірлер бойынша айтсақ, дизель ең арзан өңір Орал. Мұнда литрі 175 теңге шамасында. Ал ең қымбаты Қостанайда. Бір литрін 188 теңгеден аласыз. Көктемгі егіс науқаны жақындап келе жатқанын ескерсек, алдағы уақытта дизельге сұраныс артуы мүмкін. Десе де үкімет облыстардың өтінімі бойынша 387 мың тонна жанармай дайындалғанын және оның бағасы нарықтан 15 процент төмен болатынын мәлімдеді.

Оңтүстікте қырыққабат жинау басталды

Кей өңірлер егіс науқанына дайындалып жатқанда жетісайлық шаруалар жиын терімге кірісіп кетті. Нақтырақ айтсақ, мұнда қырыққабат пісті. Екі шаруа қожалық бүгіннің өзінде 120 тонна өнім алды. Оны өңірдегі базарлар мен респубилканың басқа облыстарына жөнелтір жатыр. Былтыр бір ғана Жетісай ауданында мың 170 гектар жерге қырыққабат егіліп, 36 мың тонна өнім алынған еді. Биыл 900 гектарға көшет отырғызылды.

Жетісайда қырыққабаттың сауда шығарылуы республика базарларындағы бағаға әсер етті ме? Өңірдегі тілшіміздің айтуынша, егіс алқабынан алып кетсеңіз, мұнда қырыққабаттың келісі 57 теңгеден сатылып жатыр. Ал дүкендерде 70 теңгеден.

Қазақстан бойынша қырыққабат ең арзан өңір – Ақтөбе, мұнда келісі 75 теңгеден. Қостанайда 10 теңгеге қымбат. Елорда дүкендерінде 90 теңгеден сатылып жатыр. Талдықорған мен Оралда да баға осындай. Ал Ақтауда айтарлықтай қымбат. Яғни келісі 140 теңгеге дейін барады.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Еліміздің ұлттық банкі АҚШ-тың бір долларын 415 теңге 96 тиынға тең. Еуро 502 теңге 19 тиын деп белгіленді. Ал Ресей рублі 5 теңге 65 тиын деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы