Биыл республикалық бюджет тапшылығы 2 трлн 600 млн теңгені құрайды

Биыл республикалық бюджет тапшылығы 2 трлн 600 млн теңгені құрайды

Оны ішкі қор нарығының қаражаты есебінен қаржыландыру көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ еурооблигациялар шығарылып, халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылуы да мүмкін. Бұл туралы қаржы министрі Ерулан Жамаубаев айтты. Алдағы уақытта Астана халықаралық қаржы орталығы биржасында шетел валютасында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша орта мерзімді бағдарлама әзірленеді. Басты мақсат – мемлекеттік қарыз деңгейін қауіпсіз деңгейде ұстау дейді министр