420,46 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында шекарадағы ауылдар жарықты Ресейден алады

  • 91
  • UPD: 22:37, 19.02.2021

Атырау облысының шекараны бойлай қоныстанған ауылдары жарықты Ресейден алады. Облыс орталығынан 600, аудан орталығынан 300 шақырым шалғай жатқан ауылдарға әлі күнге дейін қазақстандық электр желісі тартылмаған. Экспорттық қуатқа тәуелді ауданды қамту үшін Атырау-Жарық мекемесі Ресейден алған электр энергиясының тарифын сатып алу құнынан 5 жарым есе төмен ұстап келген еді. Қосымша шЫғын мұнай компаниялары мен ірі кәсіпорындар есебінен жабылатын. Алайда қаңтар айынан бастап Атырау жылу қуат орталығы пайдаланатын табиғи газдың тасымал құны екі есе өсті. Осыған орай электр мен жылудың тарифы да өзгеруі мүмкін.

Ресейдің Волгаград ГЭС-інен шығатын электр қуаты алдымен «Сүйіндік» электр тарату бекетіне келеді. Осы арадан басқа ауылдарға бөлінеді.

Досмұқан Иманғалиев, топтық электр желісінің шебері:

- 110 мың кВольтты 8 елді мекенге таратып отырамыз. Балқұдыққа 35 киловольт, 110 киловольт Асанға. Барлық елді мекендерге уақытылы ток жетіп тұр. Ондай апаттық жағдай алдыңғы жылдары болды, биыл жақсы бәрі де.

Иә, әзірге бәрі жақсы. Ол алдымен ішкі электр желілеріне үнемі жөндеу жұмыстарының жүргізілуінің нәтижесі. Әйтпесе бұл желілердің тартылғанына 40 жылдан асқан. Яғни үнемі жамап-жасқауды қажет етеді.

Игорь Әбуғалиев, аудандық электр желілерінің басшысы:

- Қазір жүріп жатқан жұмыстар сымды ауыстырып жатырмыз Сүйіндік ауылындағы төменгі кернеулі ашық сымды қорғанышы бар сымға ауыстырып жатырмыз. СИП деген желі. Ол жақсы нәрсе. Осындай боранға, жаңбырға желге замыкание болмайды. Қосалқы подстансада қондырғы ауысты АЭНТ деген.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- 300-ден астам тұрғыны бар Сүйіндік ауылына көгілдір отын былтыр кіргізілген еді. Алайда табиғи газға тұрғындардың барлығы дерлік қол жеткізген жоқ. Көптеген үйлер әлі де бұрынғыша электр тогын пайдаланып келеді. Егер де электр энергиясының бағасы қымбаттайтын болса, олар шығынға батамыз ба деп қорқады.

Жәрдемовтер отбасында 10 жан тұрады. Бүкіл әулет паналап отырған үлкен үй электр қуатымен жылытылады екен. Қазіргідей қыс айларында ол өте қымбатқа шығады дейді отағасы.

Шаймардан Жәрдемов, Сүйіндік ауылының тұрғыны:

- Айына 6 ВТ менің котелім. 150 шаршы метр шамасында үй, соны жылытып тұр. Енді айына 30-40 мыңға шығады. Тариф көтерілетін болса, оны мен де, қалған халық та төлей алмайды. Оны жоғарғы жақ шешпесе, қиын жағдай.

Биылға дейін Азғырдағы 8 ауыл тұтынатын электр энергиясының бағасын отандық компания реттеп келді. Олар Ресейден 1 кВт энергияны 29 теңгеден алып, тұрғындарға  4,73 тиыннан, яғни Атырау облысының ішкі тарифымен сататын. Бірақ жаңа жылдан бастап  облысты электр энергиясы және жылумен қамтып келген Орталыққа келетін табиғи газды тасымалдаушы компания жеткізу құнын 2 есеге көтерді. Соның салдарынан қазірдің өзінде Атырау Жылу қуат орталығының шығыны 2 млрд теңгеден асыпты. Енді орталық та тарифты көтеруге мәжбүр. Келешекте Президент тапсырмасына сай көршілес елдерге деген энерготәуелділікті жою мақсатында арнайы бағдарлама қолға алынбақ.

Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы