Биткоин тағы шарықтады

Биткоин құны тағы шарықтап, жаңа рекордтық көрсеткішке жетті. Әлемдегі ең танымал криптовалюта соңғы бір күнде 8 процентке өсіп, 1 биткоинның бағасы 56 мың долларға жетті.

Айта кетейік, биткоин былтыр күзден бастап көтеріле бастады. Өткен аптаның бас кезінде америкалық «Тесла» компаниясы 1,5 миллиард долларға биткоин сатып алатынын мәлімдеген бетте криптовалюта құны тағы шарықтаған болатын.