Әлемдік нарықта мұнай қымбаттайды

Жылдың екінші тоқсанында әлемдік нарықта қара алтынның құны 70 доллардан асады.

Goldman Sachs сарапшылары осындай болжам жасады. Олардың айтуынша көктем шығысымен-ақ мұнайға сұраныс артады. Рейтер агенттігінің мәліметіне қарағанда шілде соңында нарықта қара алтынды бір тәулікте тұтыну көрсеткіші жүз миллион баррельге жетуі мүмкін. Сондай-ақ бағаның көтерілуіне АҚШ-та мұнай өндірісінің азаюы да әсер еткен. Goldman Sachs мамандары АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты зауыттарда ақау шығып, жұмыс кешеуілдеп жатыр. Бұл нарықта мұнай тапшылығына әкелуі мүмкін деп санайды.

Қазір ICE қор нарығында мамыр айында жеткізілетін Брент маркалы мұнайдың баррелі 64 доллар 54 центтен саудаланып жатыр. Ал  WTI маркасы 61 доллар 20 цент шамасында. Кеше Брент маркалы мұнайдың құны 66 долларға дейін көтерілген еді.

Сондай-ақ...