Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін отбасы мүшелері қордағы қаржысын біріктіре алады

Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін отбасы мүшелері өзара қордағы қаржысын біріктіре алады. Мәселен, жұбайының есепшотында қаржы жеткіліксіз болса, ерінің қордағы артылған ақшасын қосып, екеуіне бірдей зейнетақы аннуитетін аштыруға болады.

Бұл туралы сала мамандары қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды.

Естеріңізге салсақ, экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі заңға сәйкес, зейнетақы аннуитетін жасау ережесі өзгерген. Осылайша 55 жастағы ер азамат қаржылық құралдың жемісін көру үшін шотында 6 млн 700 мың теңге болуы шарт. Ал 52 жастағы әйелдер үшін шекті сомма 9 млн теңге. Бүгінде 61 мыңға жуық қазақстандық 283 млрд сомманың зейнетақы аннуитеті шартын жасаған.

Сағи Әжібек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының бастығы:

- Бұрын зейнетақы  аннуитеті бойынша ең төменгі төлем мөлшері  минималды зейнетақыдан төмен болмауы керек болатын. Ал қазіргі таңда қабылданған өзгерістерге байланысты төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен төмен болмауы керек. Бұл шараның нәтижесінде аннуитеттің құны шамамен 40 процентке төмендеді.