Қазақстанға алдағы бес жылда 30 млрд доллар инвестиция тартылады

Алдағы бес жылда елге 30 млрд доллар инвестиция тартылады.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында осындай ақпарат айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік қаржыгерлер агроөнеркәсіптік кешенге, туризм саласына, инфрақұрылымды дамытуға, машина жасау, фармацевтика және мұнай-химия саласына қаржы құюға дайын отыр. Қазірдің өзінде 1600-ден астам жоба әзірленіп қойған екен. Олардың жалпы құны 32 трлн теңгеден асады.