Қазақстан экономикасы биыл 3,2 процентке өседі – S&P агенттігі

Халықаралық S&P агенттігі осындай болжамын жариялады.

Ұйым басқа да халықаралық қаржы институттары секілді «ұлттық экономикамыз қайта қалпына келеді және бұл жоспар жақын арада орындалады» деді. Себеп үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары. Экономиканың өсіміне дәстүрлі мұнай-газ секторы емес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі әсер етеді. Рейтинг агенттігі еліміздің төлем қабілеттілігін де жоғары бағалады әрі сыртқы қарыз мөлшері аз екенін алға тартты.