Қазақстанның алтын-валюта қоры қысқарды

Қазақстанның  алтын-валюта қоры бір айда 800 миллион долларға қысқарды.

Ақпан айының соңында активтер 34 миллиард 700 миллион долларды құрады.

Ұлттық банк хабарлауынша, қымбат металл құны 5%-ке төмендеді. Бағаның күрт құлдырауы айдың басында байқалған еді.

2020 жылдың мамыр айынан бері алтынның бағасы алғаш рет 1700 доллардан төмендеді. Бірақ қазір оның бір унциясы шамамен 1713 доллар тұрады. Қаржы реттеуші мекеме өкілдері бұл үрдістің бірнеше себебін атады. Бұл ақпандағы нарықтық жағдайдың құбылуы, сол кездегі доллардың нығаюы және АҚШ-тың қазыналық облигацияларының табысының өсуі.