Отандық өндірушілер баға жөнінен өзара келіскен деген күдікке ілінді

Өзге тақырыптарға ойыссақ, Қазақстандық жұмыртқа және күнбағыс майын өндірушілер бағаны өзара келісіп көтерген деген күдікке ілінді.  

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары 34 құс фабрикасының 13-інде осындай олқылықтарды анықтаған. Олардың барлығына бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді. Осы ұсынымдар бір ай ішінде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы қызмет тергеу бастайды. Сонымен қатар күнбағыс майын өндіретін және жеткізетін  жеті отандық компания осындай хабарлама алды.

Еске салайық, биыл сұйық май 6%-ке, ал тауық жұмыртқасы 11,5%-ке қымбаттады.