Зейнетақы қоры 223 млрд теңгеге толықты

Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 0,3 трлн теңгеге азайды.

Қазір қордағы қаражаттың жалпы көлемі шамамен 12,6 трлн теңге. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, активтердің азаюына зейнетақы жинақтарының мерзімінен бұрын берілуі әсер еткен. Дегенмен, инвестициялық кіріс те ұлғайып отыр. Алғашқы 3 айда оның көлемі 223 млрд теңгеге толықты. Зейнетақы жинақтарын пайдалану көрсеткіші бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Маңғыстау облысы алда тұр. Аталған 3 өңірге қордан аударылған қаражаттың 62,5 проценті тиесілі. Осы уақытқа дейін 140 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинақтарын тиісті мақсаттарға пайдаланып үлгірді.