KASE: жалпы сауда көлемі 14,4% өсті

Өткен айда Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда көлемі 14,4%-ке өсіп, 12,9 трлн теңге болды.

Қаңтар айымен салыстырғандағы өсім көрсеткіші 1,6 трлн теңге. Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде KASE басқармасы төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская хабарлады. Индекс шамасы 5,6 процентке, ал акциялар нарығындағы капитализация 5,2 процентке артып, 20,8 трлн теңгеге жетті. Наурыз айының басында қор биржасының сауда тізімінде мемлекеттік емес құнды қағаздың 470 атауы болды.

Наталья Хорошевская, KASE басқармасы төрағасының орынбасары:

- 1 наурызда Орталық депозитарийдегі көрсеткіш бойынша жеке тұлғаларға ашылған дербес шоттардың саны 140 мыңнан асты. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 4 мың шотқа көп. Ал қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 8 мың шотқа артық.

Сондай-ақ...