Н.Нығматулин: Мәжіліс квазимемлекеттік сектор сатып алулары туралы заң жобасын қарайды

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Заң жобасы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бағытында әзірлеген. Аталған құжатта сатып алудың жаңа тәсілін – электронды дүкенді енгізу ұсынылады.

Заң жобаларын қабылдау кәсіпкерлерге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысуға ашық және әділ бәсекелестік мүмкіндігін береді. 

Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Палата депутаттары адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарайтын болады.