Елімізде «Қатон-Қарағай» туристік кешені салынады

Үкімет басшысы Асқар Маминнің БАӘ сапары кезінде құны 2,2 млрд доллар болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.

Премьер-министр ел басшыларымен бірқатар келіссөз жүргізді. Қазақстан мен Араб елі арасында құс фабрикалары мен сүт-тауар фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтар өңдеу жобалары іске асады. Геологиялық барлау саласында ынтымақтастық орнап, Екібастұз қаласында индустриялық парк құрылады. Ал Шығыс Қазақстан облысында «Қатон-Қарағай» туристік кешені салынады. Екі ел арасында 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Тараптар әріптестік байланысты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Наджиб Хури, Mirak Group компаниясының төрағасы:

- Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған санаулы елдердің қатарына кіреді. Біз үшін Қазақстанмен әріптестік орнату үлкен тәжірбие. Сондай-ақ бұл келіссөздердің нәтижесінде инвестиция тартып, жаңа жобаларды іске асырамыз.

Сондай-ақ...