Jusan Bank пен АТФБанк қосылады

Jusan Bank пен АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қосылу нәтижесінде Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіретін болады. Осылайша, бірігу аяқталғаннан кейін Jusan Bank активтерінің көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрайды», - делінген АТФБанктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылу үдерісін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ...