Сенат ЕЭАО аумағында зияткерлік меншікті тіркеу мәселелері бойынша заң қабылдады

Бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

Шарт тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу мен қорғаудың жаңа өңірлік жүйесін құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Тауар өндірушілер Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Қырғызстанда және Арменияда бір мезгілде қолданылатын ЕЭАО тауарлары шығарылған жерлердің тауар белгілері мен атауларының куәліктерін ала алады.

Бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бесінші халықаралық жүйесі.