Өзбекстан қырғыз жері арқылы Қытайға қарай темір жол салады

Өзбекстан «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» трансшекаралық темір жол құрылысына қатысуға дайын.

Бұл туралы Қырғызстан және Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының кеңейтілген отырысында айтылды.

Ресми Ташкент жобаны жоспарлау кезеңінен бөлек темір жолдың жекелеген бөліктерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір екенін мәлімдеді.

«Бұл ауқымды инфрақұрылымдық жоба туралы алғаш рет 1990 жылдардың ортасында айтылған».