Теміртауда рестораторлар жұмыс уақытын екі сағатқа ұзартуды сұрады

«Жұмысымызды қайтарыңдар!» Бүгін Теміртау қаласының бірқатар мейрамхана маңдайшасында дәл осындай жазуы бар плакаттар ілінді. Бизнесмендер пандемия басталғалы 20-ға жуық тамақтану орыны толық жабылып қалғанын айтады.

Тағы 50-ге жуығы солардың кебін киюге жақын. 1 жылдан астам уақыт ас-тойсыз қалған рестораторлардың ісі шатқаяқтап тұр.

Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» енгеннен кейін мейрамхана жұмысы кешкі сағат сегізге дейін қысқарған.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл өзгеріс жығылғанға жұдырық болды. Қазір құрыш қалада шамамен 150 мейрамхана бар. Олардың басым көпшілігі коммуналдық қызметтерге қарыз.

Наталья Могилевцева, мейрамхана басшысы:

- Біздің қала шағын ғана екенін білесіздер. Сырттан келіп күнде «ас та төк» түскі тамақ ішетіндер жоқ. Қаланың туристік потенциалы да жоқтың қасы.  Қазір осы біздің шағын ғана мейрамхананың 500 мың теңгеден астам қарызы бар. Ең болмаса, жұмыс уақытын тағы 2 сағатқа ұзартып берсе екен.  Оның өзі біздің қазіргі ахуалымызға сеп болар еді.

Сондай-ақ...