429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда бензин қымбаттады

  • 83
  • UPD: 19:12, 05.04.2021
Оралда бензин қымбаттады

Батыс Қазақстан облысында АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 170, ал АИ-95 маркалы бензин бағасы 190 теңгеге дейін қымбаттады.

Бағаны нарық реттейтін болған соң ірі жеткізуші операторлар да жанармай құнын сатып алу бағасына сай өзгертіп отыр. Аймақта 130 жанармай құю бекеті бар. Олардың кейбірі АИ-92 маркалы бензинді тек талонмен беріп жатыр. Бензин құнының бір күн ішінде қымбаттауы қалтаға салмақ түсіреді. Бағаны реттеудің жолдарын табу керек қой - дейді ашынған жүргізушілер.

Байсал Берікбай, қала тұрғыны:

- Бензиннің тұрақты болғаны жақсы ғой, өйткені біз мысалы таксовайт етеміз. Бензинге байланысты бағаны да көбейту керек болады. Ол баға көтерсе уже клиент болмайды. Сол өте қиын, семьямен жүргесін қосымша доход болу керек қой. Сол себепті қиындау.

Әсел Әбуева, облыстық энергетика және түкш басқармасының бас маманы:

- 2015 жылдан бастап АИ 92, АИ 95 маркалы бензиннің, ал 2016 жылдан дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді. Ақпан айының 8-інен бастап Атыраудағы мұнайды қайта өңдеу зауытында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин талонмен ғана беріле бастады. Зауыт таяу арада іске қосылып толық қуатына көшкен кезде облыстың ішкі нарығындағы баға тұрақталады деген болжам бар.

Өңірдегі ірі жанармай жеткізуші компаниялар қазір бензинді Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан сатып ала бастады. Басқарма мамандары мемлекеттік органдар құзыретіне тек бағаға мониторинг жасау кіретінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы