Қазақстанда IT саласының мамандары қанша жалақы алады?

Егер бұрын  IT-департаменттер негізінен қаржылық, телекоммуникациялық, технологиялық компанияларда болса, 2020 жылы бұл тізім толықты. Пандемия басталғалы қоғамдық тамақтану, сауда, түрлі тұрмыстық және әлеуметтік қызметтер салаларында да осы мамандарға сұраныс артты. Kolesa Zertteу порталының мәліметінше бағдарламалаумен айналысатындар және оны әзірлеушілердің жалақысы бірнеше миллион теңгеге жетеді. Жалақы көлемі олардың біліктілігіне байланысты.

Ал енді нақты сандарға көшейік. Сонымен IT  мамандар қанша алады екен? Еңбек жолын енді ғана бастаған мамандар мен тағылымдамадан өтушілердің орташа табысы шамамен 150 мың теңгені құрайды. Бағдарламалаумен айналысатындардың жалақысы 450 мыңнан үш жарым миллион теңгеге дейін, жүйелік әкімшілердің ең төмен жалақысы 250 мың теңгеден басталады. Ең көбі 900 мың теңгеге. Ал басшылық қызметтегі IT  мамандар бір миллион теңгеге дейін жетеді. Бүгінгі таңда қазақстандық жұмыс берушілердің жартысынан кемі қызметкерлерге тіпті 100 мың төлеуге дайын. Арасында IT мамандарға жарты миллион теңгеден жоғары жалақы ұсынатындары да бар.  

IT МАМАНДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ:

жаңа бастаған мамандар мен тағылымдамадан өтушілер ₸ 150 000

бағдарламалаумен айналысатындар   ₸ 450 000 – 3 500 000

жүйелік әкімшілер ₸ 250 000 - 900 000

басшылар ₸ 1 000 000

Kolesa Zertteу жобасының дерегі