Халықаралық валюта қоры коронавирус індеті кезінде пайдаға кенелген компанияларға салық салуды ұсынды.
Ұйым өкілдерінің пікірінше қолдау салығы дағдарыстан зардап шеккендерге жанашырылықты күшейтіп, қоғамдағы теңсіздікпен күресуге көмектеседі. Мамандар сондай-ақ уақытша шара мемлекеттердің бюджетін толтыруға септігін тигізетінін де айтады. Мысал ретінде әртүрлі кездерде бай адамдарға салықтар енгізген Германия, Австралия және Жапония елдерін келтіреді.