430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин One Web басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады

  • 104
  • UPD: 09:20, 09.04.2021
А.Мамин One Web басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин One Web британдық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сунил Митталды қабылдады.

С.Миттал өрістетіліп жатқан One Web жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

One Web жаһандық спутниктік желісі 1200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған ҚР аумағына қызмет көрсету күтілуде.

Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғай және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында One Web спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен One Web спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.
Кездесуге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

One Web компаниясы Интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құрайды.

Хабар 24 телеарнасы