429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк әлемдегі оқиғалардың теңге бағамына әсері туралы айтты

  • 257
  • UPD: 16:26, 09.04.2021
Ұлттық банк әлемдегі оқиғалардың теңге бағамына әсері туралы айтты Ult.kz

Теңгенің айырбастау бағамы наурызда 417,02 теңгеден 424,34 теңгеге дейін 1,8%-ке әлсіреді.

Айдың бірінші жартысында теңге төмен құбылмалылығын сақтады. Алайда жағдай айдың соңына қарай өзгерді, жалпы теріс сыртқы ахуал мен мұнай бағасы серпінінің нашарлауы дамушы нарықтардың басқа валюталарымен қоса теңгенің біртіндеп әлсіреуіне алып келді. Қазақстанның қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 2,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдейді.

Салыстырып қарасақ, 2021 және 2020 жылдары сауда-саттықтың орташа айлық көлемі 2,3 млрд АҚШ долларын құраған.

Қаңтар-ақпанда біз ҚР МБҚ-ға инвестициялардың рекордты ағынын атап өттік, бұл бағамға тиісті қолдау көрсетті. Наурызда жаңа шетелдік инвестициялар айтарлықтай төмендеп, 17,8 млрд теңгені құрады. Салыстырып қарасақ, қаңтарда МБҚ-ға қаражаттың жаңа әкелінуі  – 174,2 млрд теңге, ақпанда 177,8 млрд теңге болды. Өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, инвестициялардың жалпы көлемі наурыздың соңында кезекті жоғары мәнге – 799,8 млрд теңгеге өсті. Сәуірде бейрезиденттердің теңгемен активтерге деген қызығушылығының төмендеу үрдісі жалғасты.

Бюджетке трансферттер бөлу аясында Ұлттық қордың активтерін сату мен квазимемлекеттік сектордың сатылымы валюта нарығына белгілі бір қолдау көрсетті. Ұлттық қордан валюта сату көлемі 695 млн АҚШ долларын құрады, ал КМС 153,7 млн АҚШ долларын сатты. Ұлттық банк тарапынан интервенциялар болған жоқ.

Сәуірдің басынан бері теңгенің әлсіреуі жалғасты. Мұнай бағасы бір баррель үшін 63 доллар деңгейінде болғанына қарамастан, дамушы нарықтар нығайған АҚШ доллары мен қазынашылық облигациялар бойынша жоғары кірістілік аясында қысым көріп отыр. Импорт бойынша біздің негізгі әріптесіміздің валютасы – Ресей рублінің жақында күрт әлсіреуі теңге үшін қосымша теріс фактор болды. Сәуірде теңге 432,94 деңгейіне дейін 2%-ке төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы