Халық зейнетақы қорынан 2,3 млрд теңгені басқарушы компанияларға салды

Зейнетақы қорындағы ақшаны тек баспанаға ғана емес, басқарушы компанияларға да аударуға болады.

Бүгінге дейін дәл осылай мыңға жуық адам қаржысын инвестицияға айналдырған. Ал аударылған қаржының жалпы көлемі 2 миллиард теңгеден асады. Бұл бастама әсіресе үй-жайы бар және зейнетақы қорындағы ақшасын қалай қолданарын білмей жүргендерге тиімді дейді сарапшылар. Өйткені инвестиция ұзақ мерзімді және ол теңенің құнсыздану тәуекелінен құтқарарына сенімді. Өйткені ақшаның жартысына жуығы шетел валютасындағы әртүрі акциялар мен құнды қағаздарға салынады. Жылдық өсім 20 процентен жоғары. Біз бұны алғашқы қорытындыларын жариялап жатқан компаниялардың есебінен байқадық. Жалпы елімізде осындай 4 басқарушы ұйым бар. Ақша аударарда әрқайсысымен тыңғылықты танысып, олардың қызметін зерттеуге кеңес береді мамандар.

Арман Батаев, сарапшы:

- Мұндағы ең басты мақсат әртараптандыру. Біз қазір Қазақстанда өмір түреміз және табысты теңгемен табамыз. Ал бізге бұл қаржы 20-30 жылдан кейін керек болуы мүмкін. Осындай ұзақ мерзімді жоспар құратындар бар. Ол кезде ақша қаншалықты құнсызданатынын білмейміз.  Осы мақсатта жұрт басқарушы компанияларға қаржысын аударып жатыр. Бұл біріншіден, жинағыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, қосымша табыс көзі.

Сондай-ақ...