Биыл еліміз 14 млн тонна бидай өндіруді көздеп отыр

Биыл Қазақстанда 14 млн тонна бидай өндірілмек. Экспорт бойынша болжам 7 жарым млн тонна, ал, импорт бойынша – 500 мың тонна.

Бұл жөнінде inbusiness.kz порталы хабарлады.

«Осылайша Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда өндірілетін бидай көлемі бойынша жоспарын өзгеріссіз қалдырды. Дәнді дақылдардың қоры 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 1,69 млн тоннаға жуық. Биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7-8 млн тонна астық пен ұн астық эквивалентінде бағаланады. Дәнді дақылдардың таза салмағы бойынша жинау, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы 20 млн тонна астықты құраса, 2019 жылы 17 млн тонна болатын», - деп жазылған хабарламада.