429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 20 жыл ішінде тұрғын үй нарығы қалай өзгерді

  • 164
  • UPD: 11:47, 13.04.2021
Қазақстанда 20 жыл ішінде тұрғын үй нарығы қалай өзгерді

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты зерттеу жұмысын жүргізіп, 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының қалай дамығанын анықтады.

ҚазҚСҒЗИ мамандары соңғы 20 жылдағы ҚР-дағы тұрғын үй бағасының динамикасын бақылап, 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 21 мың теңге, ал қайталама нарықта 8 мың теңге тұрғанын анықтады.

Бағаның өсуі 2004 жылы басталды – жаңа тұрғын үй кешендерінде тұрғын үйдің шаршы метрі 70 мың теңгеге, ал қайталама нарықта м2 үшін 40 мың теңгеге сатылды.

Бағаның күрт өсуі 2007 жылы болды: жаңа құрылыстарға бағалар м2 үшін 161 мың теңгеге дейін көтерілді, қайталама нарықтағы тұрғын үйлер де қымбаттады – 1 шаршы метр үшін 136 мың теңге.

Тұрғын үй бағасының екінші күрт өсуі 2015 жылы болды, жаңа құрылыстарда 1м2 орташа есеппен 258 мың теңге, ал қайталама нарықта м2 үшін 190 мың теңге тұрды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін қайталама нарықтағы бағаның біршама төмендеуі байқалды.

2018 жылы 1м2 186 мың теңгеге дейін арзандады, ал жаңа құрылыстарда бағалар әрі қарай өсе берді, м2 үшін 267 мың теңге.

Тұрғын үй бағасының күрт өсуі 2019 жылы тіркелді: қайталама нарықтағы бағалар 1м2 үшін 200 мың теңгеге дейін, ал жаңа құрылыстарда 294 мың теңгеге дейін көтерілді, 2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша жаңа үйлердің бағасы 319 мың теңгені, ал салынған 245 мың теңгені құрады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алуға деген дүрлікпе сұранысқа және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты осы кезеңде құрылыс материалдары бағасының өсуі байқалуда.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2004 жылы 2,6 миллион м2 пайдалануға берілді және әрбір келесі жылмен өсім байқалды. 2015 жылы 8,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің деректері бойынша бұл көрсеткіштер рекордтық 15,3 миллион м2-ге жетті. Құрылыстың жоғары қарқыны мен әлемдік нарықтағы бағалар құрылыс материалдарының қымбаттауына әкелді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке дүрлікпе сұраныс жаңа құрылыстарда да, қайталама нарықта да тұрғын үйдің шаршы метрі құнының рекордтық қымбаттауына алып келді», - деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, 2020 жылы көп пәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) құрылысының үлесі бойынша мына мегаполистер көшбасшылар болды: Нұр-Сұлтан – 33,5%, Алматы – 21,1%, Шымкент – 5,7%.

Өңірлердегі КПТҮ үлесі мынадай: Маңғыстау облысы – 6,8%, Қарағанды облысы – 4,3%, Ақтөбе облысы – 4,1%, БҚО – 3,2%, Ақмола облысы – 2,9%, ШҚО – 2,9%, Қостанай облысы – 2,8%, Атырау облысы – 2,7%, Павлодар облысы – 2,3%, Түркістан облысы – 2,1%, Жамбыл облысы – 1,8%, Алматы облысы – 1,7%, СҚО – 1,6%, Қызылорда облысы – 0,4%.

Нұр-Сұлтанда монолитті темір бетоннан ғимараттардың 66%-і, ал кірпіштен 28%-і салынған, елорда ғимараттарының арасында басымдықта көпқабатты үйлер бар: 5-9 қабатты ғимараттарға 763 мың м2 тиесілі және 745 мың м2-ге 10-19 қабатты үйлер салынған.

Алматыда да монолитті құрылыс басым – 62% және 32%-ы кірпіш ғимараттар. Оның ішінде 874 мың м2 10-19 қабатты жаңа құрылыстарға және 765 мың м2 4 қабаттан төмен үйлерге тиесілі.

Ақмола облысында да монолитті құрылыс кеңінен таралған – 53%, ғимараттардың 41%-і кірпіштен салынған, 333 мың м2 4 қабатқа дейінгі үйлерге тиесілі.

ШҚО-да жаңа құрылыстардың 32%-і монолиттен, 46%-і кірпіштен салынған. Олардың ішінде 206 мың шаршы метрі 4 қабатқа дейінгі үйлер, ал 206 мың м2 – 5-9 қабатты ғимараттар.

Өңірлерде, керісінше, кірпіш үй құрылысы басым: Атырауда ғимараттардың 95%-і кірпіштен салынған, олардың басым бөлігі 4 қабатқа дейін, Маңғыстау облысында 71% кірпіш ғимараттар және 29% монолитті, 4 қабатқа дейінгі ғимараттар басым. Ақтөбеде ғимараттардың 84%-і кірпіштен және тек 6%-і монолитті темірбетоннан салынған, сондай-ақ 4 қабатқа дейінгі үйлер басым. Қарағанды облысында кірпіштен және тастан жасалған үйлер 63%-ті, ал монолитті құрылыс 17%-ті құрайды, бұл ретте ең көп салынғаны 4 қабатқа дейінгі үйлер.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ

Хабар 24 телеарнасы