Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың арзандауы туралы болжам айтылды

Жыл басынан негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттағаны рас. Алайда былтырғы кезеңмен салыстырғанда биылғы өсім көрсеткіші 6,2%-ке төмен.

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасындағылар осылай дейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар құны мамыр айынан кейін тұрақтайды. Өйткені көктем аяғында жергілікті өндірушілер көптеп өнім жеткізе бастайды, дейді мамандар. Сонымен қатар шілдеде өңірлердің дәстүрлі жәрмеңкесі басталады. Баға саясаты мәселесін жүйелі шешу үшін 40 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. 2022-2023 жылдарға дейін 3 көтерме сауда орталығы мен 2 жылыжай кешені салынады. Сондай-ақ сауда желілеріне жеңілдікпен пайызсыз несие беріледі. Жалпы соңғы 3 жылда тұрақтандыру қорынан 4,6 млрд теңге бөлінген.

Гүлмира Ермолдина, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Негізінен бағаның өсуі әдеттегідей көкөністерге, жеміс-жидекке, өсімдік майы, жұмыртқа, тауық етіне және бірінші сұрыпты ұнға қатысты байқалады. Бұл әдеттегідей бағаның өсуі қаңтар мен мамыр айлары аралығында байқалады. Бағаларға негізгі себептер бар. Ол өндірушілердің шикізат қымбаттауы, буып түю материалдары, көлік шығындарының қымбаттауы.

Сондай-ақ...