ЕАЭО тауарларының бірыңғай тізіміне енбеген өнімдерді реттеу мәселелері Сенатта талқыланды

Сенатта «Талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналым тәртібі туралы келісімді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін ратификациялау туралы» заң жобасын талқыланды.

Құжат ЕАЭО нарығында міндетті талаптарды белгілейтін Бірыңғай тізімге енбеген өнімдердің, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ олар үшін Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған тауарлардың айналымын реттеуге арналған. Бүгінгі күні мұндай өнімдер ЕАЭО нарығының шамамен 15% құрап отыр.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы барысында Сенат депутаты Ләззат Рысбекова ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай өнімдердің шығарылуы мен олардың айналымына жауапкершілік белгіленетіндігін айтты.

«Өнімнің қауіпсіздігін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді. Оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өмір сүру циклдарының барлық сатысында өнімді шығарып, сататын өндірушілер, сатушылар және импорттаушылар да бар», - деді сенатор Ләззат Рысбекова. 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті заң жобасын палатаға ұсынды.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі