429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 6000 баррельге артады

  • 119
  • UPD: 18:02, 13.04.2021
Елімізде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 6000 баррельге артады фото: qazaqtimes.com

Қазақстанда мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 6 мың баррельге артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінде қабылданды. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Президенттің қабылдауында мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді. Аталған кезеңде экономиканың нақты секторында орнықты дамудың оң қарқыны байқалады.

«Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға келсек, ауруханалардағы жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған бөлімдердің 41%-інде, жансақтау бөлімдердің 27%-інде науқастар ем қабылдап жатыр. Сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады. Қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады», - деді Асқар Мамин.

Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектің бір айлық, ал «СҚ-Фармация» қоймалары мен дәріханаларда екі айлық қоры жинақталған. Еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектердің, қорғаныш құралдары мен шприцтердің үш айға жететін тұрақты қоры бар. Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын жүзеге асыру және инвестиция тарту, экономика саласын одан әрі цифрландыру сынды мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді. Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың нақты секторында орнықты дамудың оң қарқыны байқалады. Президентке 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Онда Қазақстан үшін мұнай өндірудің тәуліктік көлемін қосымша 6 мың баррельге арттыруды көздейтін арнайы шарт келісілді.

Хабар 24 телеарнасы