Мемлекет басшысына экономиканы орнықты дамыту жолдары ұсынылды

Президент сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысына І тоқсандағы экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары, Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары баяндалды. Ортамерзімді перспективада экономиканы сапалы әрі орнықты дамыту жолдары ұсынылды. Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысына тоқталды. Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Президентке экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндалды. Әсет Ерғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды. Сонымен қатар министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.