Бензин бағасы құбылып тұр

Бензин бағасын реттейтін жаңа механизм енгізу қажет.

Мәжіліс депутаты Альберт Раудың айтуынша, бірнеше өңірде бензин бағасы 150 теңгеден 200 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы органдар бұрын бағаның құбылуын импортқа тәуелділік пен мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеуге байланыстыратын. Енді Атырау зауытындағы авариялық жағдайға орай бензин бағасы шарықтай бастаған. Депутаттың сөзінше, жанар-жағар майдың қымбаттауы сайып келгенде қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ. Сондай-ақ бағаны әдейі өсіретіндерге шара қолдану керек.