Түркістан облысында құбыр зауыты өнім түрлерін арттырды

Түркістан облысында полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт өнім түрлерін көбейтті.

2015 жылы Сайрам ауданында мемлекеттік бағдарлама негізінде іске қосылған кәсіпорын алғашында резіңке және пластик бұйымдар шығарумен айналысқан. Кейін келе су құбыры өндірісін қолға алған. Қазір 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған зауытта поиэтилен құбырларының 20-ға жуық түрі шығарылады. Дайын өнім негізінен газ бен суды тасымалдауға және құрылысқа пайдаланылады. Мұнда жылына қалыңдығы 50 миллиметр бастап, 630 миллиметрге дейінгі ірілі-ұсақты 3 мың тонна полиэтилен құбырлары өндіріліп, еліміздің барлық аймағына жөнелтіледі. Кәсіпорын жыл сайын өнім түрін көбейтіп, көлемін арттыруға басымдық беруде. Шикізатты көрші Өзбекстан мен Ресейден тасымалдайды.

Дильшод Азизов, зауыттың бас технологы:

- Зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Барлығын автоматты жүйе іске асырады. Біз тек жұмыс барысын бақылаймыз. Мәселен, ұзындығы 12 метр болатын ең қалың 630 м метрлік құбырды 1 сағатта дайындап шығарамыз. Сұраныс жақсы. Қазір әсіресе көбін Түркістанға, құрылысқа жіберіп жатырмыз.

Сондай-ақ...