Қазақстандықтар Түркияға саяхаттап бара алмайды

Қазақстандық саяхатшылар үшін Түркия жабық.

Бұл ақпарат туристер мен туроператорларды әбден әуре-сарсаңға салды. Өйткені чартерлік рейcтер сәуірдің ортасынан қатынауы қажет еді. Бірақ соңғы шешімге байланысты бәрі кейінге қалды. Яғни жолдаманы алып қойғандар демалыс уақытын мамырдың соңына немесе маусымның басына ауыстыруы қажет. Мұның өзінде әуе қатынасы қаншалықты жанданатыны, қанша рейске рұқсат берілетіні әзірге белгісіз.

Белгілісі, бұл мәселені екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі бірлесіп шешеді. Немесе ақшасын төлеп қойған саяхатшылар басқа елдерді таңдай алады. Ал «жолдаманы енді аламын» дегендер үшін оны сату толық тоқтатылды және ол енді жазда ғана қайта жанданады деді туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.

Айта кетейік, қазір Түркияда күнделікті 50 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, елдегі эпидахуал ушығып барады.