Негізгі капиталға инвестиция салу бойынша көрсеткіш кеміді

Құрылыс пен байланыстан басқа саланың бәрі минуста. Бұл жөнінде нарық.кз хабарлады. Экономикалық порталдағы әріптестереміз былтырғы және биылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін салыстырып көрді. Нәтижесінде көрсеткіш 9,6 процентке кем. Оның жалпы көлемі  2 трлн 101 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының көлемі 514 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 13,1% артық. Байланыс саласында да осындай оң динамика  байқалады. Ал бөлшек сауда көлемі 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 98,8%, көтерме сауда көлемі  99,5% құрады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы  номиналды көріністе 17,1%  азайды. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда да тіркелген.

Қазақстанда «Жасыл кеңсе» байқауы басталды. Бұған елдегі әртүрлі салалар бойынша кеңселер қатыса алады. Жоба шарттарына сәйкес, кеңсе және оның қызметкерлері «жасыл» технологиялар мен қауіпсіз құралдардың негізінде жұмыс істеуі тиіс. Яғни ғимараттағы жарық, жылу, су арнайы құрылғылармен жарақталған, ал жұмысшылар өзара құжат алмасу процестерін электронды нұсқада жүзеге асырады. Сөйтіп, қағаз үнемдеп, артық сатып алудан бас тартады. Бұдан бөлек қалдықтарды сұрыптап, тиісті жәшіктерге салуы тиіс. Бұл қоршаған ортаны және адам денсаулығын сақтауға зор септігін тизібек. Жасыл экономиканы қалыптастыруға бағытталған байқау тамыздың 31-іне дейін жалғасады. 

Асхат Сүлейменов, Жасыл экономиканы қолдау коалициясының атқарушы директоры:

- Жоба іске асырылып келе жатқан 2 жыл ішінде конкурсқа 120-ға жуық ұйым қатысты. Оның ішінде 40 ұйым ең «жасыл» мекемеге айналды. Осындай жасыл кеңсе байқаулары көптеген мемлекеттерде өткізіледі. Оның қорытындысы 2021 жылдың қыркүйегінде белгілі болады. Қатысушылар арнайы сертификатпен, ал жеңімпаздар жүлделермен марапатталады. Сондай-ақ ағымдағы жылы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін марапаттау салтанатына қатысатын болады.