Коллекциялық монеталарды сатып алуға арналған интернет дүкен іске қосылды

Қазақстан Ұлттық банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталарды онлайн сатуды қалпына келтіру мақсатында kazcoins.nationalbank.kz жаңа платформасында монеталардың интернет дүкенін пилоттық режимде іске қосады.

Жаңа платформада пайдаланушылар тіркеуден өтіп, жеке кабинет ашуы қажет.

20 сәуірден бастап «Республика игілігі» сериясынан «MEDEÝ» коллекциялық монеталары интернет дүкен арқылы сатылады.

Ақпарат көзі: Ұлттық банктің баспасөз қызметі