Ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде тұрақтайды

2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,1% дейін жақсарды.

Мұнай бағасы – бір баррель үшін 50 доллар, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде тұрақтайды. Бұл туралы Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты. Сонымен қатар қаржы министрлігіне нақтыланған республикалық бюджет туралы заң жобасын және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын парламентке енгізуді тапсырды.